Мәжіліс 2023 жылы 35 заң қабылдады

30 Желтоқсан 2023, 01:31 1636
 
Биылғы жылы Мәжіліс үшін маңызды да жемісті жыл болды. Палатаның құрылымы мен жұмысында өзгерістер болып, депутаттық құрамы жаңартылды. Қыркүйек айында VIII шақырылымның екінші сессиясы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Сессия басталғалы Мәжіліс жұмысында 106 заң жобасы болды. Депутаттар 35 заң қабылдап, Сенатқа жолдады, оның 27-сіне Президент қол қойды. Осы уақыт ішінде барлығы: 1 - Парламент палаталарының бірлескен отырысы, 17 - Мәжілістің жалпы отырысы, 1 - Парламенттік тыңдау, 3 - Үкімет сағаты өткізілді.

Сонымен қатар бұл сессияда депутаттық сауал саны рекордтық көрсеткішке жетті. 1 қыркүйектен бері қоғам үшін ең өзекті тақырыптар бойынша 233 сауал жасалды.

Құрметті оқырмандар, бізбен бірге болғандарыңызға рахмет! Жаңа 2024 жылда да Парламент Мәжілісінің қызметін әлеуметтік желілерден оқи жүріңіздер.
Перизат Саденова
Бөлісу: