Майқұдық шағын ауданының тұрғындары Наурызды дәстүрге сай атап өтті

19 Наурыз 2023, 15:30 1696

Қарағандыда Майқұдық шағын ауданындағы көпқабатты үйдің тұрғындары Наурызды барлық аула болып атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қарағандыда Майқұдық көпқабатты үйінің ауласында киіз үй орнатылды.

17-ықшам ауданындағы 55-ші үйдің тұрғындары Наурыз мейрамын бірігіп, ерекше атап өтті.

Дастархан жайылып, палау мен наурыз көже дайындалды.

Аулада мерекелік атмосфера орнады. Көбісі отбасымен жиналып, тойлатты. Ересектер мен балалар ұлттық киім киіп, аулаға шықты. Халық әуендеріне билеп, ұлттық ойындар ойнады.

EL.KZ
Бөлісу: