Майқайыңдағы апат: үшінші құтқарушының денесі табылды

19 Шілде, 16:46 2031

Павлодар облысындағы Майқайың кенішінде шұңқырға құлаған автобус ішінде болған жолаушылардың бірінің денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Майқайыңалтын» АҚ бас директоры Қайролла Жүрсінбаевтың сөзінше, мәйіт таңғы сағат 5.30 шамасында табылды. Олар іздеуді күн шыққан кезде бастаған.

13.30 шамасында олар мәйітті толық шығарды. Экскаватор мәйітті зақымдауы мүмкін еді. Содан кейін полиция келіп, барлық процедуралар басталды. Ертең іздеу жұмыстарын жалғастырамыз. Себебі қызметкерлер мәйітті шығару кезінде моральдық күйзеліске ұшырады, - деді Жүрсінбаев.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға болған күні Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары 2 денені тауып, жер бетіне көтерген болатын. Жұмыстар тоқтатылып, қайта жанданды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: