Маусымдық суық тиюдің қалай алдын алуға болады?

27 Қараша 2023, 17:45 1789

Суық тию адамдар жиі шалдығатын аурулардың бірі. Маусымдық суық тию басталған уақытта жұқтыру факті жиіленеді және бұл ауру жарықтың жылдамдығынан тез таралады. Халқымызда «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген сөз бар. Расында, дерт асқынбай тұрып, онымен күресуді қолға алу ең тиімді тәсіл. Бастысы суық тию маусымында сақтанудың жолын білсеңіз болғаны. Сондықтан, еl.kz ақпараттық агенттігі маусымдық суық тиюдің алдын алу тәсілдері туралы айтатын болады.

 

Суық тиюдің себептері мен белгілері

Суық тию көп жағдайда иммундық жүйенің әлсіреуі салдарынан болады. Яғни, адам ағзасындағы вирустан қорғауды қамтамасыз ететін жасушалардың күші жетпегені себебінен ағзамызда ауруға әкелетін микроағзалар көбейеді. Соның әсерінен біз дертке шалдығамыз.

Адам ағзасында инфекцияның көп жиналуына байланысты қорғаныс функцияларының бұзылып,  шырышты қабатта бактериялар саны артады.  Егер адамның иммунитеті күшті болса, онда герпес бактериялары көбеймейді. Ал, керісінше иммундық жүйеңіз сыр берсе, бұл вирус теріге қарай жүйке жолдары бойымен қозғала бастайды. Сол себепті көптеген адамның суық кезінде ерні және мұрын аймағында бөртпе пайда болады.

 

Аурудың асқынуы

Иә, суық тию бұл маусымдық ауру. Бұған проблемамен жыл сайын кездесетін болған соң, аса мән бермейміз. Шынында да, суық тиюден адам денсаулығына үлкен қауіп төнбейді. Бірақ, егер уақытылы ем алып, дәрігердің көмегіне жүгінбесеңіз, ойыннан от шығарып алу ықтималдылығыңыз жоғары.

Асқынған вирустық инфекциялар ең қауіпті ауруларды тудыруы мүмкін. Мысалы, гипертермиялық синдром - өкпенің ісінуі. Бактериялық инфекциялардың әртүрлі органдарға енуіне байланысты олар, бронхит, пневмония, синусит, отит және тыныс алу жолдарының басқа да ауруларын тудыруы ықтимал. Ауру симптомдарын байқаған сәтте дәрігердің есігін қақпасаңыз, сіздің ағзаңыздағы жүрек пен бүйрек қақпасының есігін мәселелер қағуы мүмкін. Соның салдарынан, жүрек пен бүйрек зақымдалады.

 

Суық тиюдің өзі қауіпті көрінбегенмен, ол асқынса басым бәлеге қалды дей беріңіз. Адамдар арасында суық тиюдің асқынған тұстағы кеңінен таралған ауру түрі - бактериялық инфекция. Бұл уақытта денеңіздегі иммундық жүйе вирусқа қарсы тұруға қауқарсыз болып қалады. Оған қоса, ішкі ағзаға үлкен зиян тиеді.

 

ЖРВИ-дің асқынуы салдарынан:

 

Суық тиюден емделу жолдары

Дәрігер ем-дом шараларын аурудың себептерін анықтайтын диагностикалық тексерістен кейін тағайындайды. Негізінде, вирустық инфекция антибиотиктермен емделмейді. Өйткені олар ағзаның антибиотикке төзімділігін тудыруы мүмкін.

Егер пациенттен патогендік микрофлора анықталса, онда симптоматикалық және вирусқа қарсы терапия жүргізіледі. Ол температураны төмендетуге, интоксикацияны жоюға, ауыз бен мұрынның шырышты қабығының ісінуін азайтуға және ауырсынудан арылуға көмектеседі.

Ал егер өткір жөтел болса, онда сіз көп мөлшерде сұйықтық ішіп, таза ауамен жиі тыныстауыңыз керек. Қақырық пайда болған кезде дәрігер сұйылтатын және қақырық түсіретін әсері бар препараттар тізімін береді. Оларды муколитиктер деп атайды.

Тамақ қабыну кезінде төмендегідей ем шараларын істегеніңіз жөн. Құрамында теңіз тұзы, түймедақ немесе фурацилин бар сұйықтықпен мұрын және ауыз қуыстарын шаю. Оған қоса, антибиотиктерді қабылдау керек.

Бактерияға қарсы препараттарды тек дәрігердің кеңесінен кейін қолданған дұрыс. Емдеу ұзақтығы ақ халаттының нұсқауымен жәнге препаратты қолдану кезеңіне тікелей байланысты. Дәрігердің нұсқауынсыз өздігінен емделуге болмайды.

 

Маусымдық суық тиюдің алдын алу

Маусымдық суық тиюдің алдын алу үшін иммунитетті күшейту керек.  Ең бастысы гигиеналық процедураларды жиі істеген дұрыс. Инфекциялардың жұғу қаупі жоғарылаған сәтте сізді алғашқы құтқаратын әдіс бұл – тазалық.

Ауру жұқтыру қаупін азайту үшін адамдар көп жиналатын жерден аулақ болған жөн. Таза ауада жиі серуендеп, құрамы дәрумендер мен минералдар толы жемістерді жиі пайдалану да үлкен көмегін тигізеді. Пияз бен сарымсақ – бұл инфекциямен күрестің ең тамаша әдісі. Оған қоса, күнделікті жейтін тағамдарға көкөністерді қосу керек. Жалпы, вирустарға қарсы пайдалы өнімдер:

 

Равиль Ашығали
Бөлісу: