19.03.2023
17:00
1007
Маунтинбайктан Азия чемпионы өз таңдауын жасады

Маунтинбайктан Азия чемпионы өз таңдауын жасады

Жетісу спортшылары саулау науқанына белсене қатысуда. Солардың арасында маунтинбайктан Азия чемпионы Алина Сарқұлова да бар. Ол Сарқан ауданындағы №349 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алина Сарқұлова – Түркияда маунтинбайктан өткен жарыста екі бірдей алтын медаль қазақстандық алғашқы спортшы.

«Еліміз одан әрі дамып-өркендей түссе екен деймін. Сондықтан да еліміздің болашағына бейжай қарамайды, мемлекеттің қуатын нықтай түсуге бар күш-жігерін жұмсайды деп өзім сенген азаматтарға қолдау білдіруге келдім. Өз таңдауымды жасадым, жастарды да азаматтық белсенділік танытуға шақырамын», - деді чемпион.

Талдықорғандық спортшылар да бүгін белсенді. Мәселен, шинкиокушинкай каратэден ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Талдықорған орталық бассейнінің директоры Мерей Сүйінов № 420 сайлау учаскесіне келді.

Сол сияқты №398 сайлау учаскесінде Талдықорған қалалық қазақша күрес федерациясының президенті, белгілі жаттықтырушы Ерлан Иманғалиев та таңдау жасады.

Осы күні Талдықорғандағы №386 сайлау учаскесінде джиу-джитсудан Азия чемпионы Самат Сәрсенұлы дауыс берді.