Мәулен Әшімбаев OzgeEpic хабындағы креативті жобалармен танысты

3 Ақпан, 15:35 640

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев OzgeEpic креатив хабына барып, креативті жобалармен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ХХ ғасырдағы қиын кезеңдерде қазақ әйелдерінің қажыр-қайратын көрсететін «Ел-Ана» перформансын тамашалаған Палата Спикері ұлттық мүдде тұрғысынан осындай креативті жобалардың маңызы зор екенін айтты.

Қазір заман өзгеріп жатыр. Өнер мен мәдениетке деген көзқарас та жаңаша спиат алғаны белгілі. Осындай кезеңде біз ұлттық құндылықтарымыз бен тарихымызды заман талабына сай дәріптеп, бүгінгі тілмен сөйлете білуіміз керек. Төл өнерімізді жаңа формада дамыту арқылы біз ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, әлем мәдениетіне өз үлесімізді қосамыз,– деді Мәулен Әшімбаев.
Жансая Әділбек
Бөлісу: