Мәулен Әшімбаев Бишімбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

10 Қараша 2023, 13:50 2018

Кеше бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынғаны хабарланған болатын. Оқиға орнында Бишімбаев ұсталған. Бұрынғы шенеунік әйелі Салтанат Нүкенованы соққыға жыққаны, әйелі алған дене жарақаттарынан көз жұмған. Оқиғаға байланысты Сенат спикері Мәулен Әшімбаев пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сіз айтып отырған оқиға – ерекше жағдай. Ол үлкен қылмыс. Тергеу органдары бәрін анықтайды, ары қарай сот шешімі болатын шығар. Сот жазаны да, жауапкершілікті де анықтайды, – деді Әшімбаев.

«Зорлық-зомбылық жасаған мемлекеттік қызметкерлерге қатаңырақ жаза қолдану керек пе?» деген журналистердің сұрағына жауап берді.

Мұндай қылмысқа барған адам мемлекеттік қызметші болсын, бизнесмен болсын, басқа жерде істеп жатқан адам болсын, барлығы бірдей жауапкершілікке тартылады. Біреуге қатаң болу керек, біреуді жауапкершіліктен босату керек деген ұстаным болмайды. Заң бәріне бірдей. Мемлекеттік қызметшілердің арасынан мұндай адамдар шығып жатса, олар жұмыстарынан кетеді. Одан кейін мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Бұл біздің заңнамада көрсетілген, - деді ол.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: