05.07.2024
21:00
1384
Матч кезінде арбадағы көрерменді жаңбырдан қорғаған полицей көпті тәнті етті

Матч кезінде арбадағы көрерменді жаңбырдан қорғаған полицей көпті тәнті етті

Футбол матчының көрерменін жаңбырдан бүркеп тұрған полицейдің видеосы әлеуметтік желіде таралып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz жазуынша, Семейдегі "Спартак" стадионында нөсер жаңбырдан мүгедек арбасындағы ер адамды қолындағы жабындымен бүркеп тұрған полицейді көрермендердің бірі видеоға түсіріп алған.

Бейнероликтің бас кейіпкері футбол матчында қоғамдық тәртіпті күзетіп тұрған жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың   жауынгері болып шықты. Ол қайырымды іс жасап, бір адамға көмегі тигеніне қуанатынын жеткізді.