Продюсер Баян Алагөзова отандық киноиндустрияда талқыланып жатқан тақырыпқа кекесінмен үн қосты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кинопродюсер 19 желтоқсан күні жаңа туындысы жарыққа шығатынын атап өтті.
Қазақтар! “Арыстан патша” деген голливудтық мультфильм шығайын деп жатыр. Масқараны шығармай барыңыз! Бөтенге ақша шығарыңыз! Менің кином да осы күні шығады. Нұрлан Қоянбаев та сол күні кино шығарады. Бірақ өздеріңіз білесіздер!, – деп жазды продюсер.
Жақында танымал актриса Дариға Бадықова өзінің фильміне емес, шетелдік фильмді қолдауға барып жатқан қазақстандықтарға ренішін жеткізді.