Мәскеудегі лаңкестік оқиғасынан қаза тапқандар саны қырық адамға жетті

23 Наурыз, 02:32 6870

Ресей астанасында лаңкестер шабуылынан қаза тапқандар саны 40 адамға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Сонымен, бірге атыс кезінде 100-ге жуық адам жараланғаны белгілі болды. Оқиға куәгерлерінің сөзінше, шабуылдағандар адамдарға оқ жаудырған. Сондай-ақ, концерт өтіп жатқан "Крокус Сити холл" ғимараты өртенген. 

Лаңкестік жағдайынан кейін Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьев жедел штаб құрылғанын мәлімдеді. Ал атыс кезінде концерт қоюы тиіс болған музыканттар зардап шекпеген. Тексеру нәтижесінен кейін аталған нысан орнында қайтыс болғандар мен жарақат алғандардың саны артуы мүмкін екені болжанып отыр.

Зарина Арман
Бөлісу: