Мәскеудегі лаңкестік оқиғасынан кейін Қазақстан елшілігінде жедел желі ашылды

23 Наурыз, 01:23 3208

Мәскеуде болған лаңкестік оқиғадан кейін еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі мәлімдеме жасап, жедел желі іске қосылғанын атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияровайтты. 

Біз қазір жағдайдың егжей-тегжейін анықтап жатырмыз. Мәскеудегі елшілік жергілікті билікпен және тиісті қызметтермен байланыста. Қаза тапқандар немесе зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының болуы туралы ақпарат түскен жоқ. Қосымша ақпарат келіп түскен сайын хабарлайтын боламыз. Қазір елшілікте 8 (925) 897-71-14 телефоны бойынша жедел желі ашылды, - деді Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бүгін түнде Мәскеуде лаңкестік оқиға болып, қырыққа жуық адамның қайтыс болғаны айтылды. Қайғылы оқиғадан кейін Мемлекет басшысы мәлімдеме жасап, Қазақстан тарапы бұл жағдайды қатаң айыптайтынын атаған болатын. 

Зарина Арман
Бөлісу: