Мәскеудегі лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар саны 139-ға жетті

26 Наурыз, 03:05 753

Мәскеудің «Крокус Сити Холл» кешеніндегі лаңкестік шабуылдан қаза тапқандар саны 139-ға жетті, деп хабарлайды ТАСС-қа сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда қайтыс болғандардың 75-інің аты-жөні анықталған. Бұл туралы Ресей Президенті Владимир Путиннің қатысуымен өтткен жиында Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин мәлімдеді.

Шабуыл салдарынан 139 адам қаза тапты, оның 75-і бүгінде анықталды. Қаза тапқандардың арасында үш бала бар. Қаза тапқандарды анықтау жалғасуда, - деді ол.

Александр Бастрыкин 182 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алғанын атап өтті.

Еске салсақ, 22 наурызда Мәскеудегі "Кроус Сити Холл" кешенінде терактілік әрекет болды. Қаруланған белгісіз бір топ адам концертке келген халыққа оқ жаудырды. Кейінірек ғимаратта жарылыс естіліп, соңы өртке ұласты.  

Перизат Саденова
Бөлісу: