Мәскеуде 30 жыл бұрынғы температура рекорды тіркелді

Мәскеуде 30 жыл бұрынғы температура рекорды тіркелді

Мәскеуде ауа температурасы рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәскеуде күн күрт жылынып, ауа температурасы 23,4 градусқа дейін жетті. Осылайша сынап бағанасы 30 жылдық рекордты жаңартты. Соңғы рет 1995 жылы 23 cәуірде ауа температуасы 23,3 градусқа дейін көтерілген.

Мамандар аптап ыстық алдағы екі күн сақталатынын айтады. Ал Төтенше жағдайлар министрлігі өрт оқиғасы артатынын ескертіп, қауіпсіздік талаптарын сақтауды талап етіп отыр.