Маск Цукербергті «тауық» деп атады

16 Тамыз 2023, 10:05 851

Цукерберг Маскпен жекпе-жекке шығудан бас тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Себебі ол Twitter басшысы бұл бастамаға немқұрайлы қарайды деп санайды. Ал Маск Цукербергті «тауық» деп атады.

Илонның атүсті қарайтынын бәріміз де білеміз. Сондықтан әрі қарай жылжу керек. Илон күнді белгілегісі келмейді, сонан соң операция жасатамын дейді, енді келіп менің үйімнің ауласында жаттығу жасағысы келетінін айтыпты. Егер Илон бұл кездесуді ұйымдастыруға шындап кіріссе, мені қалай табуға болатынын жақсы біледі, – деп жазды Цукерберг Threads-те.

Сонымен қатар спортқа жауапты қарайтын адамдармен айқасуды жөн көретінін де жеткізді.

Бұған Маск «Цук – тауық» деп жауап берді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: