Машина жасау саласын кешенді дамыту жоспары дайындалып жатыр - Көлгінов

14 Сәуір 2023, 11:50 1017

Елімізде машина жасау саласы жаңа бағытта дамиды. Бұл туралы ҚР премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов мұнай-газ машина жасау саласының дамуына арналған форумда айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Машина жасау саласы - өте маңызды және өзекті салалардың бірі. Бұл саланың елімізде дамуына Мемлекет басшысы ерекше көңіл бөледі. Осы орайда елімізде Мемлекет басшысының ұсынысымен және үш үлкен мұнай-газ операторлар желісінің қолдауымен халықаралық машина жасау ортылығы құрылды. Орталықтың негізгі мақсаты жергілікті өндіруші компаниялардың жұмысын қолдау, сондай-ақ инвестрлерді тарту және халықаралық өндіруші компаниялармен келісім жасау», - деді вице-премьер.

Оның айтуынша, мемлекет ішіндегі құндылықтарымызды дамыту күрделі міндет. Бұл жолда біз ұлттық саяси өнімдерімізді жасауымыз керек. Сондай-ақ біздің алдымызда ұлттық саясатымыздың ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ету мақсаты тұр.

«Машина жасау саласын дамыту үшін барлық қызығушылық танытып отырған ұйымдар белсенділік көрсетуіне болады. Атап айтқанда, ауқымды мұнай-газ компаниялары, машина жасау саласының мамандары мен ұйымдары және мемлекеттік органдар. Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасымен машина жасау саласын дамытуға комплексті жоспар дайындалып жатыр», - дейді Алтай Көлгінов.

Ол отандық өндірушілер бұл салада барлық біліктілігін көрсетіп, өздеріне берілген жауапкершілікті орындап, саланы жандандыруға күш салатынына сенім білдірді.

«Форум аясында айтылған ұсыныстар, талқыланған жобалар экономикамызды және машина жасау саласын дамытуға міндетті түрде септігін тигізеді деп сенемін», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Форумға мұнай-газ саласындағы қазақстандық компаниялар және бірлесіп жұмыс істейтін шетелдік компаниялар мен шетелдік инвесторлар, машина жасау қауымдастығының басшылары қатысты.

Миражан Махан
Бөлісу: