Мас жүргізуші 40 жолаушыны тасымалдаған

10 Қараша, 21:44 539

Түркістан облысының 50 жастағы тұрғыны ішімдік ішіп, жолаушыларды тасымалдаған. Оны полицейлер Астана - Петропавл автожолының 232-шақырымында тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Van Hool автобусын тізгіндеген жүргізушінің құжаттарын тексеру және әңгіме барысында ер адамнан алкогольдің иісі шыққан. Ол Бурабай ауданының ауруханасында медициналық тексеруден өтіп, дәрігер жүргізушінің жеңіл дәрежелі алкогольдік мас күйде екенін растаған. Осылайша тәртіп сақшылары болуы ықтимал автобус апатының алдын алды. 

Жүргізуші 40 жолаушыны тасымалдаған. Осы факті бойынша жүргізуші Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жолаушылар сапарын басқа жүргізушімен жалғастырды,-деп жазды Polisia.kz.

 

 

Зарина Арман
Бөлісу: