07.06.2025
11:53
889
Мас күйінде көлік жүргізген тұрғын өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды

Мас күйінде көлік жүргізген тұрғын өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды

Жетісу облысының прокуратурасы көрсетілім сот процестерінің алдын алу мақсатындағы маңыздылығына ерекше назар аударады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Осы бағытта Алакөл аудандық прокуратурасы жол қозғалысы ережесін өрескел бұзуға қатысты қылмыстық іс бойынша ашық сот процесін ұйымдастырды.

Іс материалдарына сәйкес, бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан 10 жылға айырылған жергілікті тұрғын мас күйінде қайтадан көлік тізгіндеген.

Сот үкімі аудан тұрғындарының қатысуымен жария етіліп, кінәлі азамат 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды.