Марстың марсиандық аппаратпен түсірілген алғашқы суреттері жарияланды

Марстың марсиандық аппаратпен түсірілген алғашқы суреттері жарияланды

Марсты зерттеуге бағытталған ESCAPADE миссиясының аппараты жіберген алғашқы фотосуреттер көпшілікке ұсынылды. деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Сол жақтағы жарық сәулесі іспеттес бірнеше кадрлар, көрінетін жарық диапазонында түсірілген сурет. Ал оң жақтағы бейне инфрақызыл сенсор арқылы алынған және ол күн батареясының қай бөліктері қатты қызып, қай аймақтары салқын қалғанын көрсетеді.

Аппараттар Қызыл ғаламшар орбитасына жеткеннен кейін көрінетін жарықтағы камера марсиандық полярлық шұғыла құбылыстарын түсіруге талпынады. Инфрақызыл сенсор болса, Күннің шығуы мен батуы кезінде Марс бетінің температуралық өзгерістерін бақылау үшін қолданылады.

ESCAPADE миссиясының екі орбиталық аппараты Марстың магнитосферасын жан-жақты зерттеп, күн желінің жоғары энергиялы бөлшектері мен планета атмосферасының өзара әрекеттесу процестерін талдайтын болады.