Марқұм Шерзаттың үйіне неге күзет қойылмаған? ІІМ түсіндірді

15 Қазан, 15:15 800

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов Шерзат Болаттың үйі өртенген күні неге күзет қойылмағаны жөніндегі сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ӨКҚ брифингінде журналистер вице-министрден «Шерзаттың анасы ішкі істер органдарына қайғылы жағдай болғаннан кейін күзет қоюды талап еткен. Күзет қойылмаған соң үй өртену дерегі тіркелді ме?» деп сұрады. 

Патрульдік полиция күзеті бірден қойылды. Тұратын жерлеріне де қойылды. Талғарда күшейтілген күзет болды. Өртеніп кеткен үй басқа мекенжайда болған. Себебі олар қайғылы жағдайдан кейін ата-анасының үйіне көшіп барды, - деп жауап берді Әленов.

Бұған дейін Алматы облысының прокуроры Берік Адамов қайғылы оқиғадан кейін өртеніп кеткен Шерзат Болаттың үйінен канистр мен резеңке қолғап табылғанын мәлімдеген еді.

Миражан Махан
Бөлісу: