Мария Севостьянова Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

18 Мамыр, 16:30 703

Бүгін Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан таеквондодан 26-шы Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Мария Севостьянова 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі доданың финалында әлем чемпионы, Азия ойындары мен Үлкен дулыға бәсекесінің қола жүлдегері Ким Ю-джиннен жеңіліп қалды.

Ұлттық құрама спортшысы іріктеуде Джулие Мам (Камбоджа), Ти Туеть Транды (Вьетнам) жеңді. Ал жартылай финалда Вей Чун-Линнен (Қытайдың Тайпейі) айласын асырды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: