Мария Бровкова каноэде есуден әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

25 Тамыз, 17:46 431

Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде есуден олимпиадалық емес қашықтықтардағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны қола медальмен толықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰОК мәліметінше, қазақстандық  спортшы Мария Бровкова бір адамдық каноэмен 500 метрге жарысудан қола жүлдегер атанды. Ол аталған қашықтықты 02:09.731 минутта бағындырған. 

Алтын және күміс медальді Украина мен Чили атлеттері еншіледі. Айта кетелік, Бровкова бұған дейін жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған болатын. 

Айта кетелік, Самарқандтағы әлем біріншілігінде жалпы есебі 20 жүлде жиынтығы сарапқа салынып жатыр. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: