Марихуана шегіп, рөлге отырған шымкенттік видеоға түсіп қалған

22 Мамыр, 22:37 442

Шымкент тұрғыны марихуана шегіп, көлік тізгіндеген. Оның бұл әрекеті көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Kia Rio көлігін тізгіндеген ер адамды патрульдік полицейлер бейнебақылау инспекторларының нұсқаулығымен тоқтатқан.

«Жүргізуші автотұрақтардың біріне тоқтап, қолдан жасалған шегу құрылғысы арқылы есірткі затын қолданып, жолын жалғастырған. Бұл құқық бұзушылық көшедегі камераларға түскен.
Медициналық куәландыру нәтижесі ер азаматтың есірткілік масаң күйде екенін растады»,-деді қалалық Полиция департаментіндегілер.

Масаң күйде рөлге отырған жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Шымкент Қаласының Полиция Департаменті (@police_shymkent)

Зарина Арман
Бөлісу: