Талдықорған тұрғынынан есірткі заттары бар өсімдіктің 80 бұтасы тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, Талдықорғанда марихуана өсірді деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды.
Ұсталған адамның жеке тұрғын үй учаскесінде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктердің 80-нен астам бұтасы табылды. Марихуана өсірілген учаскеде жерді қопсыту, суару сияқты күтім жұмыстары жүргізіліп отырылған. Сондай-ақ ер адамның бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.