Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болған Марат Қарабаев Президент Жарлығымен жаңа лауазымға тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды, - деп жазылған Жарлықта.
Бұған дейін Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылған болатын. Сонымен қатар, ақпарат және қоғамдық даму министрі, мәдениет және спорт министрі, экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.