18.10.2025
20:18
989
Марат Байқамұров - «Қазақстан Барысы-2025» турнирінің чемпионы

Марат Байқамұров - «Қазақстан Барысы-2025» турнирінің чемпионы

Астанада өткен дәстүрлі «Қазақстан Барысы-2025» турнирі өз мәресіне жетті. Биылғы додада Павлодар облысының намысын қорғаған Марат Байқамұров жеңімпаз атанып, ел тарихындағы ең мықты балуандардың қатарына қосылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Финалдық белдесуде Марат Байқамұров былтырғы чемпион, елордалық Ерасыл Қажыбаевпен күш сынасты. Тартысты өткен айқаста павлодарлық балуан қарсыласынан айласын асырып, таза жеңіске жетті.

Жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Марат Байқамұров иеленсе, Ерасыл Қажыбаев күміс жүлдегер атанды. Ал үшінші орын үшін өткен белдесуде маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов ақтөбелік Ерасыл Аманкелдіні жеңіп, қола медальді еншіледі.

Бұл жеңіс Марат Байқамұров үшін спорттық мансабындағы ең ірі жетістік болды. Ол турнир барысында барлық қарсыласын сенімді түрде ұтып, шеберлігі мен мықты дайындығын көрсетті.