Марат Ахметжановтың төрағалығымен Әскери Кеңесінің кезекті отырысы өтті

22 Қаңтар 2023, 09:50 926

Ұлттық ұланда 2022 жылдың қорытындысы шығарылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының елордалық бригадасында құқықтық тәртіп әскерлерінің басшылық құрамының үш күндік оқу-әдістемелік жиыны аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Іс-шара аясында ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың төрағалығымен Әскери кеңестің кезекті отырысы өтті. 

Іс-шара барысында әскерлердің қызметтік-жауынгерлік қызметінің өткен жылғы қорытындылары шығарылып, ҚР Президентінің – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының жаңа талаптары аясында Ұлттық ұлан әскерін одан әрі жетілдіру және дамыту мәселелері қаралды.

Жеке құрамды жедел даярлауды жетілдіру және әскерлерді оқытудың тиімді нысандары мен әдістерін тәжірибеге енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыру керек. Дағдарыс жағдайлары туындаған кезде күштер мен құралдарды жедел қолдану дайындығын қамтамасыз етуді қолға алуды ұсынамын, – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Сонымен қатар министр әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жай-күйіне, жеке құрамның тәртібіне, сондай-ақ әскери ортада суицидтік көріністер мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі шараларға ерекше назар аударды.

EL.KZ
Бөлісу: