Марапаттар өз иелерін табады

11 Желтоқсан 2019, 18:16 2002

12 желтоқсанда сағат 16.00-де Нұр-Сұлтан қаласы Бейбітшілік және келісім сарайында («Атриум» залы) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Ассамблея мүшелерін, этномәдени бірлестіктер өкілдерін, білім және мәдениет саласының қайраткерлерін Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік және қоғамдық наградаларымен марапаттау рәсімі өтеді.

Шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері мен қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, Ассамблея мүшелері және БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде.

Бөлісу: