Мақпал Жүнісованың қар тазалап жүрген видеосы пайда болды

11 Желтоқсан 2023, 12:33 21886

Халық әртісі Мақпал Жүнісова аязды күрекпен қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Танымал әншінің еңбекқорлығы оның оқырманын тәнті етті.

59 жастағы Мақпал Жүнісова қара жұмыстан қашпайтынын дәлелдеді. Алматы демалыс күндері ақ ұлпаның астында қалғаны белгілі. Өнер иесі еш қымсынбай, қолы күрек алып есік алдындағы қарды тазалауға өзі кіріскен. Әншінің қар тазалап жатқандағы видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей, – деп жазды Жүнісова өзінің Instagram-дағы паоақшасында.

Әншінің еңбекқорлығына оқырманы да дән риза болды. Олар өнер иесіне жылы сөздер жазған.

«Міне, біздің замандастар, қандай биікте болса да еңбектен қашпайды. Мақпал құрдасымызға денсаулық тілейміз, қол-аяғыңа қуат берсін!» «Қаракесектің қыздарына он еркек татымайды ғой», «Мақпал апатайым, жарайсыз. Алла күш-қуат берсін!» - деп жазды оқырман қауым.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: