Бүгінгі поэзиядағы жас шайырлардың жазып жатқан өлеңдерінде терең психологиялық, драмалық бетбұрыстар бар. Тіпті әдеттегі қара өлең ұйқасы секілді белгілі бір заңдылықтарға бағынбайды. Бұл жайында белгілі ақын, аудармашы Мақпал Мыса «Әдебиет дискурс» YouTube жобасында айтты, жазады El.kz интернет порталы.
Еркін жазады, оның түрлі атауларын тауып алған, мысалы біз кезінде ақ өлең десек, бүгінгі жас ақындар олай демейді. Мүлде басқаша атайды. Бірақ мен сол жастарды оқимын, маған өте қызық. Форма ғана емес, ішкі мазмұн да өзгеріп кеткен. Яғни мен бұл ғасырды ізденіс ғасыры деп айтар едім. Өйткені біз модерн поэзияның жемісін көрдік, ол өзінің миссиясын атқарды деп айта аламын. Қоғамда айтылатын үлкен ойлар жеке адамның жүрегіне, сырына, мұңына, сезімі мен қуанышына, яғни бүкіл өмірінің литмативі, соның барлығын атқарды. Бірақ бүгінгі поэзияда бір күту бар, адасу бар, арпалыс бар, былайша айтқанда күңгірт сияқты болып көрінеді. Бірақ бұл сол поэзияның өзінің құтқару жолы ма деп ойлаймын, -деді ақын.
Айта кетейік «Әдебиет порталы» жаңадан «Әдеби дискурс» YouTube жобасын бастады. Подкаст алаңында қазіргі қазақ әдебиетінің бағыт-бағдары, поэзия мен прозадағы көркемдік ізденістер, әдеби сынның жай-күйі, цифрлық дәуірдің әдебиетке ықпалы сияқты өзекті тақырыптар талқыланды. Толық шығарылымды сілтеме арқылы көре аласыздар.