Мақпал Исабекова екінші баласына аяғы ауыр екенін хабарлады

14 Ақпан, 18:31 1657

Қазақстандық танымал әнші Мақпал Исабекова екінші рет аяғы ауыр екенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Бүгін тұрмысқа шығу туралы ұсынысты қабылдағаныма үш жыл толды. 2022 жылғы 14 ақпанда Теодорға аяғым ауыр екенін хабарладым. 2023 жылғы 14 ақпанда сіздер оны алғаш рет көрдіңіздер, - деп жазды әнші.

Қуанышты жаңалығын видеода көрсеткен әнші құттықтауды пікір ретінде қалдыруға болатынын айтты.

Ал өнер иесінің тыңдарманы оның қуанышына ортақтасып, игі тілектерін жеткізген.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Исабекова Макпал (@makosyai)

Айта кетейік, Мақпал Исабекова 2021 жылғы мамырда тұрмысқа шықты. Алдымен мұсылманша некесін қидырған жұп шілдеде тойын өткізді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: