28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарМаңғыстаулық жиһангез Рәббім Борашев велосипедпен төрт жарым мың шақырымға созылатын сапары саясында Қарақалпақстан аумағына жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
Саяхатшы 8 сәуір күні Қарақалпақстанның Шоманай тұсына жеткенін мәлімдеді.
Хатеп елді мекені тұсынан өтіп, Қожеліге жетпей, «Мәздімхан сұлу» кесенесі іргесіндегі ескі қойымшылыққа бұрылдық. Себебі бұл жерге көптен іргелес Қожелі, көне Үргеніш, Ташауыз қалалары мен іргелес ауылдарынан адам жерленетін ескі үлкен қорым. Көпшілігі қазақтар. Мен білетін, менің нағашым Қосқұлақ Шынжырбек молда, Қарақалпақстанға еңбегі сіңген, ауыл шаруашылығы министріне дейін қызмет жасаған Ескелді Қилыбай Атаниязов ағамыздың да мәңгі мекені, - деп жазады жиһанкез.
Рәббім Борашев бұл сапар аясында күніне 60 шақырымды бағындырып отырғанын жеткізді.
Естеріңізде болса, 6 сәуір күні мағыстаулық жиһанкез Раббім Борашев «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәдени жылының аясында түркі мемлекеттерін велосипедпен аралауға шыққанын айтқан еді. Аталған сапар барысында ол Қоңырат-Хиуа-Үргеніш-Самарқанд-Ташкент-Түркістан-Тараз-Бішкек-Алматы-Ашхабад қалаларын басып өтіп, барлығы 4500 шақырымды бағындырмақ.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?