Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАқтауда құрылысы жүріп жатқан тұрғынүйге ақша салып, кейін пәтерін ала алмай жүрген үлескен облыс әкімімен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облысының әкімі Ақтау және Жаңаөзен қалаларынан тұрғын үй мәселесі бойынша келген үлескерлерді қабылдады. Жиынға облыс әкімінің орынбасары, Ақтау қаласының әкімі, құқық қорғау органдарының өкілдері, облыстық экономикалық тергеу департаменті мен құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшылары қатысқан.
Кездесу барысында Жаңаөзен қаласынан келген «Tas – Qala Group» ЖШС меншігіндегі «Astana Rich Village» тұрғын үй кешенінің салымшылары құрылыс жұмыстарының тоқтап қалуына алаңдаушылық білдіріп, нысанды аяқтау немесе төленген қаражатты қайтару мәселесін көтерді.
Сондай-ақ Ақтаудың 32«В» шағын ауданындағы «Мизам» және «Qazyna House» тұрғын үй кешендері мен 17-шағын аудандағы «Dream Palace» құрылыс нысандарына қатысты да бірқатар мәселелер айтылды.
Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай тұрғын үй құрылысы саласында заң талаптарын қатаңдату қажеттігін айтып, жауапты мекемелерге үлескерлердің мәселесін жедел шешу үшін тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.
Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіКеше, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Кеше, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Кеше, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?