2025 China Grand Final BRICS National Vocational Skills чемпионатында «Data Analysis and Visualization» құзіреттілігі бойынша Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенті Габбас Сағыныш, жетекшісі Орынбасар Данияр жүлделі 3-орынға ие болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Халықаралық деңгейдегі бұл чемпионатқа Солтүстік және Оңтүстік аймақтық іріктеулерден кейін барлығы 137 команда жолдама алған. Олардың ішінде Қытай, Ресей, Үндістан және тағы 9 елден келген 58 шетелдік команда, сондай-ақ 79 жергілікті команда онлайн және офлайн форматта бақ сынады.
137 қатысушының ішінен жүлделі орын иелену – Маңғыстау энергетикалық колледжі үшін маңызды жетістік. Бұл нәтиже білім ордасының халықаралық деңгейдегі кәсіби даярлық сапасын дәлелдейді.