Маңғыстаулық әйел жерлестеріне киіз басуды үйретуде

26 Шілде, 08:45 877

Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әйелдері "Мен кәсіпкер" жобасы аясында киіз басу курсын оқып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, киіз басу шебері Жаңагүл Жапарова 10 әйелге дәріс өткізуде. Әйелдер курстан киіз басудың екі әдісін үйреніп, оны бояуды меңгеріп шығады.

Ылғал киіз басу, құрғақ киіз басу әдістері туралы айтып, бұл салада қандай техникамен жұмыс істейтініміз туралы таныстырдым. Техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқама беріп, калькуляцияны қалай есептеу керек екенін үйретіп жатырмын. Бұл курсқа қатысушылар киіз басуды үйреніп қана қоймай, жасаған өнімдерін қандай платформада сатуға болатынын да үйренеді, - дейді Жаңагүл Жапарова.

Сондай-ақ курс тренері қатысушыларға мемлекеттік грант алудың жолдарын айтатын болады. Курс үш күнге созылады.

Перизат Саденова
Бөлісу: