23.04.2025
07:35
1099
Маңғыстауға Өзбекстан дәрігерлері ресми сапармен келеді

Маңғыстауға Өзбекстан дәрігерлері ресми сапармен келеді

Өңірге қарасты Бейнеу ауданына Өзбекстандағы Қарақалпақстан автономиялық республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің делегациясы ресми сапармен келетін болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Делегация құрамында лор, уролог, аллерголог, офтальмолог, онколог, хирург және гинеколог мамандары жергілікті тұрғындарға  медициналық қызмет ұсынады. Арнайы мамандар аудан халқына кәсіби медициналық кеңес беріп, қажет болған жағдайда медициналық тексерулер мен ем-дом тағайындайды.

Қарақалпақстандық дәрігерлер келушілерді  23-24 сәуір күндері аралығында Бейнеу көпбейінді орталық аудандық ауруханасының 3-қабатында орналасқан мамандандырылған диагностика және кеңес беру бөлімінде қабылдамақ.