10.06.2023
14:52
1563
Маңғыстаудағы кен орнында газдан шыққан өрт екінші тәулік бойы жанып жатыр

Маңғыстаудағы кен орнында газдан шыққан өрт екінші тәулік бойы жанып жатыр

Маңғыстау облысындағы "Оңтүстік Қаратұрын" кен орнындағы өрт екінші күн қатарынан жанып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Өңірлік төтенше жағдайлар депаратментінің мәліметінше, өртті сөндіруге газ-су сөндіру автокөлігі (АГВТ-150) тартылған. ТЖ жою бойынша жұмыс жалғасып жатыр. 

Естеріңізге сала кетейік, кеше "Бозашы Мұнай" ЖШС "Қаратұрын Южный" мұнай-газ кен орнында №303 ұңғыманы бұрғылау кезінде Южный учаскесінде 1088-1090 метр тереңдіктен бұрғылау құралын сыртқа шығару нәтижесінде ашық газ-су қоспасынан өрт шыққан еді.