Маңғыстауда заңсыз ауланған 100 келіден астам бекіре балығы тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Маңғыстау облысы аумағында 20 қазан мен 19 қараша аралығында “Браконьер – 2023” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Аталған іс-шараның мақсаты – браконьерлікті, биологиялық ресурстар обьектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, табиғатты қорғау заңнамасын бұзушыларды анықтау.
Іс-шара басталған 12 күн ішінде табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 82 құқық бұзушылық анықталды. Оның екеуі ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс, ал 80 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
– ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабымен 67 әкімшілік хаттама;
– ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабымен 10 әкімшілік хаттама;
– ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабымен 1 әкімшілік хаттама толтырылған.
Табиғатты қорғау заңнамасын бұзған тұлғалардан 104 келі 950 грамм бекіре тұқымдас балығы тәркіленді. Маңғыстаулық полицейлер өңір тұрғындарын табиғатты қорғауға, табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға шақырады, сондай-ақ браконьерлікпен айналысып, заңды бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгендігі туралы ескертеді.