29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыМаңғыстау облысында Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылындағы Думан көшесінде орналасқан 219-үйден өрт шығып, толықтай жанып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
Үйдің үлкен келіні Дильдора Мұратованың айтуынша, ескі үйден шыққан өрт шатырдағы электр ток сымының тұйықталуынан болыпты.
Бұл — ата-енеміз 20 жылдан астам тұрған ескі үй еді. Көршілеріміз көшеде өтіп бара жатып үйімізден өрт шыққанын көріп, есік қағып келген. Содан көршілеріміз өрт сөндірушілерді шақырған. Олар келгенше үй түгел өртеніп кетті. Қазір электр желілері әлі тартыла қоймаған жаңа үйімізге көшіп, тұрып жатырмыз. Ата-енеміз жақында ғана операциядан шығып, үй құжаттарын әлі толық рәсімдей қоймасақ та, көшуімізге тура келді. Ескі үйдегі барлық жиһаздарымыз өртеніп кетті. Бірақ шүкір, адам шығыны жоқ. Жанымыз сау болса дүние қайта орнына келеді, - дейді Дильдора Мұратова.
Сондай-ақ Дильдора Мұратова өртенген үйге қатысты адамдардың ватсап мессенджерінен топ ашып, ақша жинаймыз деп жатқанын құп көрмейтінін жеткізді.
Өртенген ол өзіміздің ескі үйіміз. Қанша дүниеміз өртеніп кетті. Бұйырса деніміз сау болса, барлығының орнын толтырамыз, - дейді ол.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек