Бұл туралы бейнежазба әлеуметтік желілерде таралып кетті. Онда арнайы техниканың көмегімен белгісіз адамдар тас кшарларды көлікке тиеп жатқаны анықты байқалады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жергілікті басымдардың жазуынша, табиғатқа деген осындай қатыгез қатынас экологтардың ашуын тудырып отыр.
"Жер бедері" саналатын Торыштағы тас шарлар алқабы - бұл таңғажайып және таң қалдыратын жердің бірегейі. Шарлардың диаметрі 50 см-ден 4 метрге дейін барады. Табиғаттың мұндай кереметі адамдарды үнемі таң қалдырады. Өйткені бүкіл әлем ғалымдары осы шарлардың қалыптасу процесі туралы әлі де нақты тұжырымға келген жоқ. Бірақ, өкінішке қарай шарлар алқабы ешқандай қорғау мәртебесіне ие емес. Заңды тұрғыдан алғанда, бұл ерекше формада болса да тек тас күйінде бағаланып отыр. Екінші жағынан, Торыш құндылығы оның бірегейлігімен ерекшеленеді. Орталық Азияда мұндай табиғи орындар жоқ. Жалпы, әлемдегі мұндай жерлерді саусаупен санауға болады. Біз өзіміз үшін және туристерді тарту орталық ретінде осындай орынға ие болғанымызға қуанамыз. Сондықтан, бұл жерде нелітен мұндай әрекеттерге қанша жол беріледі?"- деп атап өтті" ЭКО-Маңғыстау" басшысы Кирилл Осин.
Айта кететін бір жайт, бұл алқаптан тас шарларды әлдекімдер үнемі әкетіп жатыр. Олар безендіру элементі ретінде түрлі ғимараттарда қолданылып жүр. Негізінен тас шарлар бизнес нысандарының жанында орналасқаны әлі күнге түсініксіз.
"Әркім бұл жерден тас ала берсе, онда бұл алқаптан не қалады? Адамдар табиғат жаратқан нәрсені өздері жояды, сүйреп апарады, өздері ұрлап құртады. Маңғыстау - ашық аспан астындағы мұражай. Біз көптен бері туристік мекен бола алдық. Бірақ біз шатқалдардағы жартастарға сурет саламыз, теңіз жағалауларын, оазистер мен табиғи ескерткіштерді қоқысқа тастаймыз, ерекше тастарды тиеп әкетеміз, қарлы ақ жартастарда күйемен қара белгілерді қалдырамыз, жануарларды азаптаймыз. Өкінішке қарай, біз аулаларда шектен шыққан әрекетке барамыз және өзгелердің біз туралы жиі айтатын "Жабайы" Батыс атауын ұзақ уақыт бойы өзімізбен бірге осылай алып жүреміз", - дейді Кирилл Осин.