14.01.2024
12:50
1782

Маңғыстауда сирек кездесетін бүркіт фотоқақпанға ілінді

Маңғыстауда бүркіттің сирек кездесетін түрлері мекендейді. Олардың бірі арнайы құрған фотоқақпанға түсіп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі  mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Өңірде мекендейтін сирек кездесетін жыртқыш құш Маңғыстаудағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда байқалды.

Қазақстанның “Қызыл кітабына” енген құс патшасының денесінің ұзындығы - 93 см болады. Ал, ол қанатын құлаш жайғанда қанатының ұзындығы 2,4 метрге жетеді.