Маңғыстауда шатқалға атын ойып тұрып жазған ер адам шенеунік болып шықты

26 Тамыз 2023, 22:00 1375

Маңғыстау облысында Ыбықты сай шатқалында атын ойып жазған ер адамның әрекеті әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ер адам балғаға ұқсас затпен жартасқа атын ойып жазып жатқан тәрізді. Көп ұзамай-ақ желі қолданушылары оның ақтөбелік шенеунік екенін анықтады.

Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ақпаратты растап, ер адамның аталған мекемеде жұмыс істейтіндігін және қазір оның еңбек демалысында екенін айтты.

Бейнежазбада көрсетілген ер адам бюджеттік мекеме басшысы болып табылады. Қазіргі таңда еңбек демалысында. Жұмысқа шыққан соң түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылады, - делінген мәліметте.

Берік Арманов
Бөлісу: