Маңғыстауда пышақ жарақатынан бір адам қайтыс болды

25 Желтоқсан 2023, 21:46 918

Маңғыстау облысында бірнеше ер адамның төбелесуі кезінде пышақ жарақатынан біреуі қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өңірдің полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 19 желтоқсан күні сағат 05:20-да Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Ақшымырау ауылының ауруханасынан дене жарақаттары бар екі науқас туралы ақпарат келіп түскен. 

19 желтоқсанда сағат 02:35 шамасында Ақшымырау ауылында ер адамдар арасында жанжал болып, арты төбелеске ұласқан. Нәтижесінде, 32 жастағы ер адам үш адамға пышақпен дене жарақаттарын салған. Төбелес салдарынан 39 жастағы ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды. Қалған екеуі ауруханаға жеткізілді, - деп жазылған облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратта. 

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша Маңғыстау ауданы Пб СДТБТ-де тіркеліп,  Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Қазір Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Перизат Саденова
Бөлісу: