Маңғыстауда өзін өртеп жіберген ер адам қайтыс болды

Бүгiн, 18:04 178

Маңғыстау облысы әкімдігінде өзін өртеп жіберген ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Редакция ақпаратын Маңғыстау облыстық ауруханасы бас дәрігері міндетін атқарушы Руслан Бекібаев растады. 

Ол жәбірленушінің оқиғадан кейін есін жимай 17 желтоқсанда таңғы 9-да қайтыс болғанын айтты. Ол 12 күн бойы ол жансақтау бөлімінде жатты. 

Денесінде  98% термиялық күйік болды. Біз ол ауырсынуды сезінбеу үшін дәрі-дәрмекпен ұйықтаттық. Бірақ содан кейін оның қан қысымы төмендеп, күйіктен шок алып, қайтыс болды,- деді Бекібаев.

Айта кетейік, 5 желтоқсанда Маңғыстау облысы әкімдігінің алдында ер адам өзін өртеп жіберген еді. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған. Маңғыстау облысының әкімдігінің мәліметінше, ер адам облыс әкімінің қабылдауына кіргісі келген. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: