13.06.2024
00:46
873
Маңғыстауда өртенген пәтерден үш бала эвакуацияланды

Маңғыстауда өртенген пәтерден үш бала эвакуацияланды

Ақтау қаласының көппәтерлі тұрғын үйлерінің бірінде тұрмыстық заттар жанып кетті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Өрт сөндіру бөлімдері келгенге дейін жергілікті тұрғындар өз күшімен өртті сөндірді. ТЖД күшімен баспалдақ маршымен 3 бала эвакуацияланды. 1 бала жану өнімдерімен уланып, ауруханаға жатқызылды.