Маңғыстауда оқушы жүргізген көлік жол апатына ұшырап екі адам қаза болды

Маңғыстауда оқушы жүргізген көлік жол апатына ұшырап екі адам қаза болды

Әлеуметтік желіде Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылында, мектеп оқушылары автокөлікті басқарып, жол көлік оқиғасына ұшырағаны тарап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Көлік ішінде  8-9 сыныпта оқитын 4 бала болған. 

Маңғыстау облыстық полиция департаменті аталған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. 

Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпараттар жария етілмейді, - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.