Маңғыстауда мұнай тиелген жүк көлігі өртенді

6 Шілде, 22:28 607

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының аумағында жүк көлігі өртенді. Оқиға бүгін облыстық маңызы бар «Жаңаөзен – Жетібай» автожолының учаскесінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, мұнай тиелген жүк автокөлігінің артқы дөңгелектері жанған. 

Өрт сөндірушілер шақырту түскен сәттен бастап 35 минут ішінде қызыл жалынды сөндіріп үлгерген. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.  

 

Зарина Арман
Бөлісу: