Облыс прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжінің қызметіне тексеріс жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
“Тексеріс нәтижесінде бас бухгалтермен 243 млн теңге көлемінде іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды”, - деді Маңғыстау облысының прокуратурасы.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2 тармақшасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.