26.01.2024
19:45
1768
Маңғыстауда ер адам көршісінің екі баласын пышақтап тастады

Маңғыстауда ер адам көршісінің екі баласын пышақтап тастады

Жетібайда кәмелетке толмаған жасөспірімді зорламақ болған және екі адамды өлтіруге оқталған деген дерекпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Масаң күйде болған қылмыскердің құрбандары - оның көршілері. Олар - жас жігіт пен оның қарындасы. «Күдікті қамауға алынды.Тергеу барысы бақылауда.Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді,- деп жазылған ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ауыл тұрғындарының айтуы бойынша қыз бала 8-сыныпта оқиды. Ал ағасы 23 жаста. Көп пышақ жарақатын алғандықтан олар қазіргі күні ауруханада жатқаны белгілі болды.