Маңғыстауда биыл 7 мыңға жуық автомобиль кедендік рәсімдеуден өтті

26 Шілде, 22:18 443

Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің «Ақтау – Кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекеті жыл басынан бері «Ішкі тұтыну үшін тауарлар шығару» рәсімі бойынша 6873 жеңіл автокөлік құралының кедендік ресімдеуден өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жалпы статистикалық автокөлік деректерінің құны 69,0 млн. АҚШ долларын құрады. 

Негізінен автомобильдер 2 елден әкелінген, БАӘ (2750) және Грузиядан (4032).

Кедендік рәсімдеу кезінде автомобильдің бағасы көрсетіледі. Автокөлік құралдарының бағасы туралы ақпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналастырылған, ол қажеттілігіне қарай жаңартылып, толықтырылып отырады.
Ол ұсынымдық сипаттағы ақпарат ретінде ұсынылады.

Кеден заңнамасында кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардың тізбесі белгіленген. Мысалы, егер әкелінетін автокөліктің бағасы Мемлекеттік кірістер комитетінің баға ақпаратынан айтарлықтай өзгеше болса, тасымалдаушылар келесі құжаттарды ұсынуы керек:

- өндірушінің немесе автодилердің бағалар тізімі, оның коммерциялық ұсыныстары;
- импорттық, бірдей, біртекті тауарларды, сондай-ақ сол санаттағы немесе түрдегі тауарларды сатушылардың оферталарымен коммерциялық ұсыныстар;
- сатушының сатып алушыға жеңілдіктер беруінің негіздері мен шарттары бойынша түсініктемелер. Сатушыдан жеңілдік берілгені және бастапқы құнынан қандай мөлшерде екендігі туралы анықтама.

Бұл ретте жоғарыда көрсетілген құжаттар тауарларға декларация берумен бірге ұсынылуы қажет. Бұл шара кедендік тазарту уақытын едәуір қысқартуға көмектеседі.

Қазақстан Республикасында кедендік рәсімдеу электрондық түрде Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты сыртқы экономикалық қызметке қатысушысымен олардың цифрлік қолтанбасы арқылы тауарларға декларацияны өз бетінше кез келген жерден ұсыну және қол қою мүмкіндігі бар.
Әкелінетін автокөліктерді кедендік рәсімдеу ережелері өте қарапайым. Импортаушы тауарларды кедендік декларациялау кезінде оның кедендік құның көлік құралын сатып алуға жұмсаған шығындарды, сондай-ақ оны Қазақстанға жеткізумен байланысты шығындар ретінде анықтауға міндетті (көлік шығындары, сақтандыру төлемдері және т.б).

Сондықтан көлік құралын кедендік құнды қабылдау үшін оның құны сенімді, сандық және құжатталған ақпаратқа негізделуі керек.
Құжаттар ретінде: жөнелтуші елдің экспорттық декларациясы, шот-фактура, тауарды жеткізуге арналған көлік шығындары, сатып алушы мен сатушы арасындағы сатып алу-сату шарты, бантік аударым, аукциондық парақша және т.б. қолданыла алады.

Зарина Арман
Бөлісу: