Маңғыстауда бір жылда 108 адам жол апатынан қаза тапты

6 Мамыр 2023, 12:58 915

Былтыр Маңғыстау облысында 108 адам жол апатынан қаза тапқан. Бұл көрсеткішті 2021 жылмен салыстырғанда 57%-ға артып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

2022 жылы өңірде 448 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Осыған байланысты Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданы жолдарында 1 138 "Сергек" камералары орнатылатын болды.  

Статистикалық деректер жол-көлік оқиғасының өскенін көрсетеді. Өткен жылы 108 адам қаза тапты, бұл өте үлкен кері көрсеткіш. Біз апаттардың алдын алу үшін шаралар қабылдап жатырмыз. Автобус паркі жаңартылуда, жолдар жөнделуде, сондай-ақ, бейнебақылау камералары орнатылуда. Алайда, бұл шаралар да жол апаттарының төмендеуіне кепілдік бермейтінін мойындау керек, сондықтан біз көлік жүргізу мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Жасыратыны жоқ, кейбір автокөлік жүргізушілері бейнебақылау камерасының қай жерде орналасқанын біледі, оның жанынан өтіп бара жатып, жылдамдықтан асып, қозғалыстың қалған бөлігіне қауіп төндіреді, - деді  өңір басшысы Қоғамдық кеңестің өкілдерімен ашық диалог барысында. 

Қазір облыс жолдарындағы өлім-жітімнің алдын алуға мүмкіндік беретін шараларды қабылдау аса маңызға ие. Оған басты себеп, өңірде жүргізушілердің автожолда қатты жүретіні және жылдамдық шектен тыс арттыратыны байқалып отыр.  
 

Асқар Таудай
Бөлісу: